Конгода эбола құрбандарының саны 181 адамға жетті

Конго Демократиялық Республикасында эболадан көз жұмғандар көбейді. Кейінгі 1 күннің ішінде індеттен тағы 32 адам ажал құшып, жалпы саны 181-ге жетті.

Сонымен қатар қатерлі дертке 782 тұрғын шалдыққан. Қазір эболадан өлу көрсеткіші 20 пайызға артып отыр. Жергілікті дәрігерлер жұқтыру деңгейін дер кезінде анықтай алмай жатыр. Бұдан бөлек, елде медицина қызметкерлеріне шабуыл күшейді. Десе де 50-ден астам адам аурудан жазылып шыққан. Індет ошағы батыс аймақтағы Итури провинциясында. Барлық науқастың 90 пайызы осы өңірден.