АҚШ-тың мұнай қоры сарқылып барады

АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры сарқылып қалды. CNN басылымының хабарлауынша, бұған дейін мұндай дағдарыс 1983 жылы болған.

Өткен аптада ресми Вашингтон стратегиялық қордан тағы 9 миллион баррельге жуық мұнай шығарған. Салдарынан резерв көлемі 340 миллион баррельге дейін азайып, тең жартысынан да төмендеп кеткен. Айта кетейік, Таяу Шығыста Иранмен қақтығыс басталғалы, Құрама штаттардың қордағы мұнай көлемі 75 миллион баррельге, яғни 18 пайызға қысқарды.