Калифорния орманындағы өрт өршіп барады
АҚШ-тың Калифорния штатында орманда тұтанған өрт ие бермей жатыр. "Рейтердің" хабарлауынша, күннен күнге өршіп барады. Бұған әуеден түсірілген кадрлар дәлел.
1 түннің ішінде тілсіз жау 890 гектар аумақты жалмап үлгерді. Тікұшақтар су сеуіп әлек. Жалпы өртті сөндіру үшін 250-ден астам қызметкер мен 40-тан аса техника тартылған. 2 жарым миллиондай адам тұратын Риверсайд округінде, билік тұрғындарға шұғыл қауіпсіз жаққа көшуге нұсқау берді. Олар үшін уақытша баспаналар тұрғызылған. Жалпы Калифорния штатында жыл басынан 2323 өрт оқиғасы тіркеліп, 26 мыңнан астам гектар жасыл желек күлге айналды. 25 нысан жанып кеткен.