Әлемдік нарықта мұнай арзандай бастады

Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеп жатыр. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келісім оң әсер еткен. Нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 82 долларға түсті.

Бұл кейінгі үш айдағы ең төмен көрсеткіш. Ал WTI маркалы мұнайдың құны 80 долларға жетті. Инвесторлар Вашингтон мен Тегеран арасындағы уағдаластықтың нақты шарттарын бақылап отыр. Құжаттың егжей-тегжейі осы жұмада жарияланбақ. Дегенмен кеме қатынасы компаниялары Ормуз бұғазы арқылы тасымалды толық қалпына келтіруге әзірге асығар емес.