Орта дәліз арқылы әлемдік сауда жанданады
Қазақстан болашақта Еуропа мен Азияны, одан әріде құрлықтарды жалғайтын маңызды орталыққа айналуы тиіс.
Өйткені Орта дәліздің маңызы артты.
Ормуз бұғазындағы жағдай әлемді ойландырып, жаңаша қимылдауға мәжбүрлеп отыр. Еуропа мен Қытай жүк тасымалын әртараптандыруға көшті. Яғни бұрынғы соқпақпен жүре беру қауіпті. Осы тұста бұл мемлекеттер Орта дәлізге назар аудара бастады. Транскаспий халықаралық көлік жолымен алдағы 3 жылда тасымал көлемі 11 млн тоннаға жетуі мүмкін. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамы осылай. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.
Орта дәліз арқылы әлемдік сауда жанданады
"Орта дәліз" аталып кеткен Транскаспий халықаралық көлік жолы Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Түркия, сондай-ақ Шығыс Еуропа арқылы Еуропалық одақпен байланыстыратын темір жол контейнерлік жүк тасымалдау желісі.
2021 жылы шамамен 1,5 млн тонна жүк тасымалданған. 2022 жылы көрсеткіш 2,5 млн тоннаға жетті. Ал 2023-2024 жылдары транзит ағыны ұлғайып, 2,8-3,8 млн тоннаға дейін барды. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша алдағы 3 жылда тасымал көлемі 11 млн тоннаға жетуі мүмкін. Өйткені әлем елдері үшін бұл бағыт геосаяси тұрғыдан анағұрлым қауіпсіз. Әрі уақыт жағынан да тиімді. Мәселен, Суэц каналы арқылы жүк 22 мың шақырымдық теңіз жолымен 45-48 күнде жетеді. Ал Орта дәліз арқылы болашақта жүк жеткізу уақытын 10-12 күнге дейін қысқаруы мүмкін.
ЦИТАТА:
Орталық Азияда стратегиялық пайдалы қазбалар өндірісін дамытуға, жүк тасымалының барлық түрін кеңейтуге деген ұмтылыс байқалады. Орта дәліздің болашағы зор. Біз бұл өңірдің келешекте маңызды көлік торабы ретінде гүлденетінін көреміз. Еуропадан Азияға да, Азиядан Еуропаға да бағытталған тасымалдардың негізгі өткелі болады.
Эрик Руденшиольд, Каспий саясаты орталығының ғылыми директоры
Тасымалданған жүк көлемі
2021 ж. – 1,5 млн тонна
2022 ж. – 2,5 млн тонна
2023-2024жж. – 2,8-3,8 млн тонна
Орта дәліздің стратегиялық маңызы артты
"Орта дәліз жүк тасымалы үшін ғана емес, осы бағыт бойында орналасқан елдердің экономикасы үшін маңызы артады." Дүниежүзілік экономикалық форумның вице-президенті Антонелла Бассани осындай пікірде. Қазір Орта дәлізбен мұнайда, метал да, газ да өзге де энергетикалық ресурстар, тұтынушылық өнімдер тасымалданады. Дәліз бойындағы елдер осы жүк тасымалынан теміржол тарифтері, порттық қызметтер, кедендік алымдар, логистикалық қызметтер арқылы табыс табады. Әсіресе Қазақстан, Әзербайжан және Грузия маңызды транзиттік желілер кірістерін арттыра алады. Сондай-ақ Орта дәліз арқылы елдер Еуропа нарықтарына тезірек шығады. Экспорт көлемін арттырады. Жаңа сауда серіктестерін тартады.
Шалва Папуашвили, Грузия Парламентінің төрағасы:
- Логистикалық инфрақұрылымды дамыту маңызды. Қытаймен ынтымақтастық аясында Грузияның логистикалық бағытында қарқынды өзгерістер болады деп үміттенеміз. Бұл түптеп келгенде Орта дәліз немесе Каспий дәлізі деп аталатын бағытты пайдаланатын барлық елге пайда әкеледі. Сондықтан бұл жобаға қатысу барлық тарап үшін өзара тиімді болары сөзсіз.
Орта дәліздің стратегиялық маңызы артты
Орта дәлізге Еуропалық Одақ 10 миллиард еуро инвестиция құюға дайын. Еуропалықтар логистиканы дамытудан бөлек, стретегиялық шикізат қорына көз тігіп отыр. Орталық Азия литий, кобальт, никель, уран, титан секілді сирек металдарға бай. Бұл жасанды интеллект, роботты техника, жасыл экономика саласында таптырмас элементтер. Мұндағы мүдде өзінің технологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз еті. Сондай-ақ, Ормуз бұғазындағы текетірес, Еуропа үшін ауыр соққы болды. Мұнай жеткізілмегендіктен, елде энергетикалық дағдарыс күшейді. Ормуз бұғазындағы жағдайдан әлем 12 миллион баррель мұнайдан айырылды. Сол себепті Еуропада экономикалық өсім баяулап, инфляция белең алуы мүмкін.
Ал Қытай Орта дәлізді "Бір белдеу, бір жол" жобасының стратегиялық бір тармағы ретінде көреді. Іргеміздегі көршіміздің экспорты мен импортының 80 пайыздан астамы теңіз жолдарына тәуелді. Бұл жолдардың тәуекелі де жоғары. Қытай АҚШ бақылап отырған теңіз жолына да, Ресейдің Транссібір темір жолына да кіріптар болғысы келмейді. Осы тұста Орта дәлізді балама бағыт ретінде пайдалануды көздейді.
Иә, қазіргі геосаяси текетірестер Орта дәліздің маңызын арттырып отыр. Алыс-беріс көлемі ұлғайып, әлемдік сауда жанданатын болса болашақта жол бойындағы аймақтарда темір жолдар жаңартылып, порттар кеңейеді. Логистикалық орталықтар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылуы тиіс.