АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
АҚШ пен Иран құжат бойынша 60 күндік алдын ала бейбіт келісімге келді. Бұл туралы президент Дональд Трамп Францияда мәлімдеді.
Ақ үй басшысы меморандумға Эмманюэль Макронмен болған Версаль сарайындағы кешкі астан кейін қол қойды. Алдын ала келіссөзге Иран президенті Масуд Пезешкиан да қол қойғанын хабарланды. Айта кетейік, меморандум жексенбі күні электронды түрде рәсімделген. Салтанатқа АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Иранның парламент спикері Мұхаммед Багер Қалибаф қатысқан.