Эбола құрбандарының саны 232 адамға жетті

Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегінен көз жұмғандар саны 232 адамға жетті. 

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қазір вирус жұқтырған 896 науқас ем қабылдап жатыр. Әзірге 50-ден астам адам аурудан жазылып шыққаны белгілі. Ал халықаралық ұйымдардың бағалауынша, қауіпті індетпен күреске тағы 518 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет.