No comment: Қытайда роботтар кунг-фу шеберлігін көрсетті
Қытайдың Ханчжоу қаласында роботтар кунг-фу өнерін паш етті. Ерекше көрсетілім Unitree Robotics компаниясында ұйымдастырылды.
Роботтар бірнеше күрделі қимылды орындап, қозғалыс дәлдігі мен тепе-теңдікті сақтау қабілетін көрсетті. Көрмені тамашалағандардың қатарында Мьянма басшысы Мин Аун Хлайн да болды.