Пәкістан СІМ: АҚШ-Иран келіссөзі бүгін өтеді
АҚШ-Иран келіссөзі бүгін өтеді. Тараптар 21 маусым күні Швейцарияның Бюргеншток қаласында ресми қол қою рәсіміне қатысады.
Бұл туралы Пәкістан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Келіссөздерге Пәкістан мен Қатардан келген арағайындар да қатысады. Бұған дейін келіссөздер 19 маусымға жоспарланған еді. Кейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Иранмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою үшін Швейцарияға бармайтыны белгілі болды. Бұл тұста Ақ үй көп мәселе Тегераннан келетін делегаттарға байланысты екенін алға тартты.