Норвегия жасанды интеллектіні шектейді

Норвегия бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллектіні пайдалану құқығын шектейді. Жаңа ережелер алдағы оқу жылынан бастап күшіне енеді. Ел үкіметі нейрожелілер баланың оқу, жазу және есептеу дағдыларын меңгеруде кедергі келтіруі мүмкін деп мәлімдеді. Шектеулер 1-ші, 7-ші сынып аралығындағы оқушыларға қатысты болмақ. Ал 14 пен 16 жастағы жеткіншектер жасанды интеллектіні тек мұғалімнің бақылауымен ғана пайдалана алады. Тағы жаңа оқу жылында Норвегия үкіметі мектептерде баспа кітаптарын көбейтуді жоспарлап отыр.