Әлемдік мұнай бағасы арзандап жатыр

Әлемдік мұнай бағасы арзандап жатыр. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Brent маркасының баррелі 79, ал WTI 75 долларға сатылуда. Бағаның түсуіне АҚШ пен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың жақсаруы себеп. Айта кетейік, Швейцарияда келіссөздердің бірінші кезеңі аяқталды. Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі АббАс АрагчИ Тегеран мұнай және мұнай-химия өнімдерінің экспортына салынған шектеулерді алып тастауға және активтердің біраз бөлігін бұғаттан босатуға қол жеткізгенін мәлімдеген. Иранның Ұлттық мұнай компаниясының мәліметі бойынша кейінгі аптада Ормуз бұғазы арқылы 25 миллион баррель қара алтын өткізілді.