2027 жылы әлемде электронды сауда көлемі $8 триллионға жетеді
Былтыр АҚШ-та 15 мыңға жуық дүкен жабылды. Мұны Форбс басылымы жазды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен екі есе көп.
Тіпті Ньй-Йорк, Балтимор, Чикаго секілді ірі қалаларда ондаған жыл істеп тұрған сауда үйлері жұмысын тоқтатуға шақ тұр. Америкалық қаржыгерлер мұны "бөлшек сауданың ақыр заманына" балап отыр. Өйткені қазір әлемде әр үшінші тауар онлайн сатылады. Ал былтыр электронды коммерция көлемі жалпы сауданың 21 пайызына жуықтаған. Келер жылы оның айналымы 8 трлн долларға жуықтайды деген болжам бар. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда онлайн-сауда қызып тұр. Әйтсе де сарапшылар болашақта сауда үйлері түбегейлі жойылмайды. Тауар дүкендерінің орнын мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар алмастырып, адамдар уақыт өткізетін кеңістікке айналады, деп топшылайды.