Эбола құрбандарының саны 250 адамнан асты

Конго Демократиялық Республикасында Эболадан көз жұмғандар саны 250 адамнан асты. Тағы мыңнан астамы ауырып жатыр.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Негізі қауіпті індет 3 провинцияда таралған. Билік осы аймақтарда науқастармен араласқан басқа адамдарды іздеп жатыр. Дәрігерлер жұқтырғандардың көбі кәдімгі емханалардан анықталып жатқанын айтады. Сондықтан індеттің таралу қаупімен күрес өте қиынға түсуде. Сонда да билік эпедемиологиялық бақылауды күшейтіп, аурудың алдын алу және емдеу шараларын барынша жетілдіруге барын салып әлек.