CNN: АҚШ барлау қызметінде қысқарту басталды
АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі жаппай қысқарту науқанын бастады.
"СИ-ЭН-ЭН" телеарнасы бұл іске мекеме басшысының міндетін атқарушы Билл Пулте бастамашы болғанын айтады. Бірінші кезекте Ұлттық терроризмге қарсы орталық пен Барлауға қарсы және қауіпсіздік орталығының қызметкерлері жұмыстан босатылмақ. Негізі мемлекеттік аппаратты қысқарту тапсырмасын Президент әкімшілігі берген. Осының алдында Дональд Трамп қызметкерлер санын азайтуды ПУлтеге жеке өзі жүктегенін мәлімдеген еді. Десе де Ақ үйдің бұл жоспары Конгрестегі демократтар тарапынан қатаң сынға ұшырап жатыр. Сарапшылар мұндай шаралар барлау саласын әлсіретіп, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді деп ескертеді.