АҚШ пен Иран жаңа келіссөзге дайындалып жатыр

АҚШ пен Иран жоғары деңгейдегі келіссөздің жаңа кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл туралы парсы елінің Сыртқы істер министрі орынбасары Казем Гари-бабади мәлімдеді.

Кездесудің қашан және қай жерде өтетіні әзірге хабарланған жоқ. Бұған дейін Швейцарияда тараптар арасындағы келіссөздің бірінші кезеңі өткен еді. Оған Қатар мен Пәкістан араағайындық етті. Басқосу қорытындысы бойынша дипломаттар 2 ай ішінде түпкілікті бейбіт бітімге келу бойынша жол картасын бекітті. Құжатқа ядролық бағдарлама мәселесі, санкцияларды алып тастау, соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмысы және экономикалық даму мәселелері кіреді. Келісімдердің орындалуын арнайы жұмыс топтары бақылайды.