Израиль Ливанға шабуылын жалғастырады

Израиль Ливанның оңтүстігіндегі әскери операцияларын тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ел басшылығы мұны шекара маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігімен түсіндірді. Сондықтан Ливандағы әскери нысандарға қарсы операциялар жалғасады дейді. Шешім халықаралық қауымдастықтың наразылығын тудырып жатыр. Қатар билігі мұндай қадамдардың Таяу Шығыстағы шиеленісті ушықтыруы мүмкін екенін ескертті. Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де Ливандағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, өңірдегі тұрақтылықты сақтауға шақырды.