Қара теңізде түрік кемесіне шабуыл жасалды
Қара теңізде Түркияға тиесілі жүк кемесі шабуылға ұшырады.
Оқиға Украинаның Черноморск порты маңында болды. Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Панама байрағы ілінген түрік иелігіндегі кемеге ұшқышсыз аппаратпен соққы жасалған. Салдарынан экипаж құрамындағы екі түрік азаматы жарақат алды. Кеме Украинаның Одесса портынан Түркияға бет алып бара жатқан. Ресми Анкара оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қара теңіздегі қауіпсіздіктің нашарлап бара жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың жалғасуы өңірлік тұрақтылық пен теңіз қатынасына қауіп төндіріп отырғанын атап өтті.
ЦИТАТА
Түркия Сыртқы істер министрлігі
Қара теңіздегі азаматтық кемелердің қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету – Түркияның басты басымдықтарының бірі. Өңірдегі шиеленісті төмендетуге бағытталған қадамдарды қолдаймыз және барлық тараптарды жағдайды ушықтырмауға шақырамыз.