Ормуз бұғазынан бір тәулікте 70 кеме өтті

Олардың қатарында жүк кемелері мен мұнай танкерлері бар. Бұл туралы АҚШ-тың Энергетика министрі Крис Райт мәлімдеді. 

Оның айтуынша, осы уақыт ішінде бұғаз арқылы шамамен 20 миллион баррель мұнай тасымалданған. Сондай-ақ министр қақтығысқа дейінгі кеме қозғалысының толық қалпына келгенін айтты. Еске салайық, бұған дейін Оман мен Халықаралық теңіз ұйымы Ормуз бұғазында уақытша бажсыз дәліз ашқан еді. Жаңа бағыт АҚШ пен Иран арасындағы меморандум аясында іске қосылды.