Ақ үй Ирандағы ядролық материалдарды шығаруға 672 млн доллар сұрады

Дональд Трамп әкімшілігі Конгресстен Ирандағы ядролық материалдарды шығару үшін 672 млн доллар қаржы сұрады. 

Бұл туралы Fox News хабарлады. Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, бұл қаражат сондай-ақ Ислам республикасының ядролық бағдарламасына қатысты тексеріс жүргізуге, МАГАТЭ инспекциясын қолдауға және ядролық материалдар контрабандасын анықтау шараларын күшейту үшін қажет. Вашингтон мен Тегеран 18 маусым күні меморандумға қол қойған еді. Ал Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер бөлек келісім арқылы реттеледі. Тараптар бұл жөнінде 60 күн ішінде келіссөз жүргізуге тиіс.