Қырғызстанда тау өзеніне ағып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды
Қырғызстандағы Кегеті шатқалында өзенге құлаған көліктің ішінде болған 6 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды «24KZ» қырғыз БАҚ-тарына сілтеме жасап.
Оны іздестіру жұмыстары төрт тәулік бойы жүргізілген еді. Жүздеген адам, соның ішінде қазақстандықтар да іздеуге атсалысты.
Еске сала кетейік, 23 маусымда Қырғызстандағы Кегеті шатқалында ішінде екі отбасы бар автокөлік өзенге құлаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлікте екі әйел мен бес бала болған. Әйелдер мен үш бала шығып үлгерген, алайда 12 жасар қыз бен 6 жасар баланы ағыс алып кеткен. Қыздың денесі бұған дейін табылған еді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз