Тегераннан Дубайға ұшақ ұша бастады

Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран арасында әуе қатынасы қайта жандана бастады. Кеше кейінгі 4 айдан бергі алғашқы рейс орындалды. Жүздеген жолаушы мінген ұшақ Тегераннан тікелей Дубайға келіп қонды.

Дегенмен рейстер саны шектеулі. Аптасына тек үш рет. Халықаралық азаматтық авиация  бұдан артыққа рұқсат бермеген. Өйткені өңірде ахуал толық тұрақталған жоқ. Әмірліктер мен Ислам Республикасының өзара қарым-қатынасы жақсара қойды деуге де келмейді. Сол себепті шекарада жолаушылар құжатын тексеру, кедендік бақылау рәсімдері ұзаққа созылып жатыр.

Сарапшылардың айтуына қарағанда, шығанақтағы Араб елдері мен Иран басшылары жақын арада бетпе-бет кездесіп, түйткілдерді талқылайды. Бұл басқосу Эр-Риядта өтеді деген жоспар бар.