Үндістанда 96 ауыл су астында қалды
Үндістанның солтүстік-шығысында толассыз жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты.
Ассам штатында 96 ауыл су астында қалған. Рейтердің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 1 адам ажал құшып, тағы 4-еуі із-түссіз жоғалып кетті. Жергілікті ақпарат құралдары 22 мыңнан астам тұрғынның зардап шеккенін айтады. Алапат тасқын үйлер мен жолдарды, 1,6 мың гектар егіс алқабын шайып кетті. Зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр. Билік құрбандар қатары артуы мүмкін екенін алға тартып отыр.