Ганада су тасқынынан 12 адам көз жұмды
Ганада толассыз құйған нөсер соңы алапат тасқынға ұласып, 12 адам ажал құшты. Тағы 7 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен.
"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, үлкен су ел астанасы Аккра мен бірнеше аймақты басты. Табиғи апаттан кемінде 39 мың тұрғын зардап шеккен. Билік шұғыл шараларды қолға алды. Іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдары ел астанасында суағарлар дұрыс жұмыс істемейтінін және сақалды құрылыстардың көптігін алға тартады. Мұның бәрі тасқын салдарымен күресуге кедергі келтіруде.