АҚШ Иранмен соғысқа 30 млрд доллар жұмсады
АҚШ Иранға қарсы әскери операцияға 30 миллиард доллар жұмсады. Ақ үйдің Әкімшілік-бюджеттік басқармасы жариялаған мәлімет осындай.
Десе де тәуелсіз сарапшылар: «Шынайы шығын бұдан да көп», - дейді. Мәселен, Пентагонның ашық дереккөздері мен хат-хабарына негіздеп, есеп жүргізетін «Иран Уар Кост Трэкер» жалпы шығын 100 миллиард доллардан асатынын жазды. Тәуелсіз сарапшылар оқ-дәрі мен экономикаға келген залалды қоса есептеп, шығынның мол екенін пайымдап отыр.