Мексика құрамасының жеңісін тойлау кезінде төрт адам көз жұмды
Ойыннан от шықты.
Мехикода Мексика құрамасының футболдан әлем чемпионатының плей-офф матчын кейінгі 40 жылда алғаш рет ұтқанын тойлау шарасы қайғылы оқиғамен аяқталды. Жеңіске қуанған жүздеген мың жанкүйер көшеге шығып, думандатқан. Өкінішке орай, 3 адам қалың нөпірдің ортасында тапталып, көз жұмды. Тағы біреуінің жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау департаменті хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша отшашудан қашқан адамдар бірін бірі қысып, таптап кеткен. Тергеу жүріп жатыр. Билік Англиямен матч алдында қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді қадағалауға көшті.