Иран Ормуз бұғазында бақылауды күшейтті

Ормуз бұғазы - АҚШ үшін ойын алаңы емес. Егемен ел - Иранның аумағы. Ислам республикасы Қарулы күштерінің "Хатам әл-Әнбия" орталық штабы осылай деп мәлімдеді.

Әскерилер енді Ормуз бұғазы арқылы өтетін барлық кеме Иран белгілеген қауіпсіз бағытпен жүруге тиіс. Бұл талап орындалмаса, салдары ауыр болатынын ескертті. Сосын АҚШ-тың бұғаздағы кез-келген әрекетіне қатаң әрі жедел жауап берілетінін жеткізді.