Литва ядролық қаруға тыйымды жоюға ниетті
Литва өз аумағында ядролық қару орналастыруға тыйымды алып тастауы мүмкін. Парламенттегі билік өкілдерінің дені Конституцияға өзгеріс енгізуге ниетті.
Бұл туралы ел президенті Гитанас Науседа мәлімдеді. Айтуынша, қазір әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдайда бұл шектеу ескірген. Сонымен қатар өзгеріс енгізу Литваның НАТО-дағы қауіпсіздігін күшейтеді. Литва Конституциясына түзету жыл соңына қарай енгізілуі мүмкін. Оны референдумсыз, тек парламенттің шешімімен қабылдау ұсынылып отыр. Бұған дейін Финляндия да осындай қадамға барып, тыйымды алып тастаған болатын.