Португалияда орман отқа оранды

Португалияның солтүстігінде орман отқа оранды. Ірі орман өрті 2 400 гектардан астам аумақты шарпыды. 

Жалын бір түннің ішінде көршілес үш өңірге таралған. Ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қатты жел мен аптап ыстық салдарынан өртті ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Тілсіз жаумен күреске мыңға жуық өрт сөндіруші, сегіз ұшақ пен 300-ге жуық техника тартылды.