АҚШ-та ауа райы 46 градусқа дейін ыстық болады

АҚШ-тың орталық және шығыс өңірлерін аптап ыстық жайлады.

Қауіпті ауа райына байланысты 185 миллионнан астам тұрғынға ескерту жарияланды. «Кей аймақтарда сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтеріледі», - дейді мамандар. Жоғары температураның салдарынан электр энергиясын тұтыну күрт артып, электр желілеріне түсетін жүктеме көбейді. Осыған байланысты кей өңірлерде электр қуатын тұтынуға уақытша шектеулер енгізілді.