Франция президенті Cирияға барды

Сирияны қалпына келтіруге Франция жәрдемдеспек. Эмманюэль Макрон бір топ кәсіпкерлер және инвесторлармен бірге Сирияға барды.  

Бұл Франция президентінің 2009 жылдан бері араб еліне жасаған алғашқы сапары. Макрон сириялық әріптесі Ахмед аш-Шараамен келіссөз жүргізбек. Олар экономикалық ынтымақтастық жайын талқылайды. Былтыр аш-Шараа арнайы шақыртумен Парижде болған еді.  Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы жылы көтерілісшілер бұрынғы президент Башар Асадты тағынан құлатқан болатын.