Италия ең танымал туристік бағыт атанды
Италия Еуропадағы ең танымал туристік бағыт мәртебесін қайта иеленді. Туристерді орналастыру көрсеткіші бойынша Италия Франция мен Испанияны басып озды.
Жыл басынан бері елге келген саяхатшылар саны өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан. Ең көп турист Калабрия, Умбрия, Пьемонт және Сардиния өңірлеріне барған. Ел билігі туризм ұлттық экономиканың басты қозғаушы күштерінің бірі екенін айтып, бұл саланы дамытуға инвестиция тарту жалғасатынын мәлімдеді.