Хубэй аймағында дауылдан 11 адам опат болды

Қытайда найзағай мен дауылдан 11 адам көз жұмып, 350-ге жуық тұрғын жарақат алды. Тағы бір адам із-түссіз жоғалып кетті.

Қайғылы оқиға Хубэй аймағында болды. Дүлей желдің жойқын болғаны соншалық тұрғын үйлерді қиратып, жүздеген жүк көлігін төңкеріп тастаған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, 4 қалаға орасан зор шығын келген. Бұдан бөлек кей елдімекенде торнадо соғып, 22 ғимарат қиратып кеткен. Тағы 5 мыңға жуығы зақымданған. Апат аймағында іздестіру-құтқару шаралары жалғасып жатыр.