Қытай Кубаға қысымды тоқтатуды талап етті
Қытай АҚШ-тан Кубаға қысым көрсетуді тоқтатуды талап етті. Бұған осы елге қатысты Америка тарапынан жасалған біржақты санкциялардың күшеюі түрткі болды.
Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин бұл жағдайдың 60 жылдан астам уақыт бойы заңсыз жалғасып келе жатқанын айтып, мұндай әрекетті дереу тоқтатуға шақырды. Әйтпесе мұның соңы Куба халқын ауыр апатқа соқтырады деп қатаң ескерту жасады. Бұл жағдай халықаралық қауымдастықтардың да назарын аударып отыр.
Мао Нин, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Қытай халықаралық құқыққа негізделмеген заңсыз біржақты санкцияларға қарсы. АҚШ Кубаны қоршауды және елге экономикалық қысымды дереу тоқтатқаны жөн. Арал халқының өмір сүру және даму құқықтары тапталмауға тиіс. Қытай Кубаны ұлттық егемендігін қорғауын қолдайды. Сондай-ақ бұл іске сыртқы араласудың болуына қарсы.