Кореяның қор биржасы құлдырап, 20 минутқа тоқтап қалды
Оңтүстік Кореяның қор биржасы сауда операцияларын 20 минутқа тоқтатты.
Бұған ірі технологиялық компаниялар акцияларының күрт құлдырауы мен жаппай сатылымы себеп. КОСПИ ((KOSPI)) индексі шамамен 8 пайыз төмендеді. Ал ең көп зардап шеккендер қатарында Самсунг Электроникс ((Samsung Electronics)) пен Эс Кей Хайникс ((SK Hynix)) ірі чип өндірушілері бар. Инвесторлар бір күн ішінде 2 миллиард доллар көлеміндегі бағалы қағаздарын сатып жіберді. Екі компанияның да акциялары құнын бір сәтте 10%-ға дейін жоғалтты.