АҚШ Иранның мұнайына санкцияны қайтадан енгізді

АҚШ Иран мұнайына қатысты санкцияны уақытша жеңілдету туралы шешімнің де күшін жойды.

Бұған Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар себеп. Осыған байланысты Иранға мұнай өндіруге, сатуға және шетелге экспорттауға мүмкіндік берген уақытша рұқсат күшін жойды. Вашингтон бұл шабуылдарды «мүлде жол беруге болмайтын әрекет» деп бағалады. Бірақ соған қарамастан АҚШ Иранмен бейбіт келіссөзді жалғастыруға мүдделі. Айта кетейік, Ислам Республикасының мұнай сатуына тыйым салатын шектеуді уақытша алып тастау туралы шешім биыл маусым айында қос тараптың өзара келісімі аясында қабылданған.