Пәкістанда жүк таситын ұшақ жоғалып кетті

Boeing 737 Карачиге бағыт алған.

Ішінде 5 адам болған. Навигация жүйесінен ақау шыққаны туралы хабар берілген соң экипаж байланысқа шықпай қалған. Сөйтіп лезде әуе кемесі радардан жоғалып кетті. Әуе диспетчерлерінің мәліметі бойынша, соңғы хабар жолдаған кезде ұшақ Арабия теңізіне қарай төмендеп бара жатқан. Рейстерді бақылайтын "Флайтрадар 24" ((Flightradar24)) қызметі ұшақ апатқа ұшырауы мүмкін дейді. Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасы төтенше жағдай болуы мүмкін аумақта іздеу жұмысын жүргізіп жатыр.