Қытайда лай көшкінінен 21 адам қаза тапты
Қытайда толассыз жауыннан лай көшкіні жүріп, 21 адам көз жұмды.
Оқиға көрші елдің солтүстік-батыс бөлігінде болды. Қазір Таньчан мен Луннань уезінде құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар бір тәулік ішінде лай астынан тірі қалған 17 адамды шығарды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік апат ауданынан тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, уақытша баспанаға орналастырып жатыр.