Саммитте АҚШ пен Украина басшылары кездеседі

Бүгін саммит аясында Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі жоспарланған.

Кеше жиынның алғашқы күні Ақ үй басшысы альянсты сынға алып, Украинадағы соғыс АҚШ-қа тікелей қатысы жоқ деп айтқан еді. Бұл мәлімдеме НАТО елдерінің алаңдаушылығын күшейте түсті. Дегенмен сарапшылар келіссөзден кейін АҚШ президенті Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт үдерісті қайта жандандыру мәселесін талқылауы мүмкін дейді.