АҚШ Иранға тағы шабуыл жасады
Бұл туралы Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы мәлімдеді.
Ал Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жолы елдің солтүстігіндегі Хормозган провинциясына бірнеше рет соққы жасалған. Соның салдарынан 2 балықшы қаза тапты. АҚШ Орталық қолбасшылығының мұндай шешім қабылдауына Ормұз бұғазындағы ахуал түрткі болды. Кеме қатынасына қауіп төнгендіктен жаңа шабуылдарға кіріскенін айтады.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Біз Иранға жойқын соққылар жасадық. Олар бізге бір рет шабуыл жасаса, біз оларға 20 рет шабуыл жасаймыз. Біз мұны кек алу үшін жасап жатырмыз. Иран екі емес, үш қайықты бомбалады. Бізде жеңіске жетудің көптеген жолдары бар. Алайда біз соғысып, жеңіске жеттік. НАТО елдері бізге көмектесуге мүмкіндігі болған кезде қол ұшын созудан бас тартты. Енді кеш. Маған көмек қажет емес. Мұның бәрі ұсақ-түйек нәрселер.