АҚШ Сирияны санкциядан босатуы мүмкін

АҚШ Сирияны терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен шығаруы мүмкін. 

Бұл туралы Дональд Трамп араб мемлекетінің президенті Ахмед аш-Шараамен кездесу барысында мәлімдеді. 

Ақ үй басшысы сириялық әріптесінің елді басқарудағы жетістіктеріне оң баға берді. Сондай-ақ ол 2004 жылдан бері Дамаскқа қарсы енгізілген санкциялардың басым бөлігі күшін жойғанын және Сириядағы жағдайдың тұрақталғанын атап өтті. Рейтер агенттігінің мәліметіне сүйенсек, терроризмді қолдайтын мемлекеттерге АҚШ қорғаныс өнімдерінің экспорты мен бірқатар қаржылық операцияларға қатысты шектеулер енгізеді.