Майамиде доп пішіндес круассан сатылып жатыр

Майамиде футбол добына ұқсайтын тоқаш жасалды.

Жергілікті дәмхананың бірі әлем чемпионатына арнап, ерекше круассандар шығарды. Оған әлемдік додаға қатысушы елдердің туы бейнеленген. Қоспалары да символдық мәнге ие. Асаи өсімдігі Бразилияны, шоколад кремі АҚШ-ты, гуава жемісі Аргентинаны, ал манго Мексиканы білдіреді. Аспаздар турнир қонақтарын түрлі елдің ұлттық дәмімен таныстыруды көздейді. Майами әлем чемпионаты матчтарын қабылдайтын қалалардың бірі. Шаһарда 11 шілдеде ширек финал, ал 18 шілдеде үшінші орын үшін жарыс өтеді.