Иран Әли Хаменеиді жер қойнына тапсырды
Иранда елдің бұрынғы рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі аяқталды. Ол Мешхед қаласындағы кесенеге жерленді.
Бірнеше күнге созылған іс-шараға мыңдаған адам қатысты. Рәсімді Хаменеидің үлкен ұлы Мостафа Хосейни Хаменеи басқарды. Жаназаға рухани көшбасшының өзге ұлдары мен кеңсесінің басшысы Мохаммад Мохаммади Гольпа-егани де қатысты. Айта кетейік, аятолла Әли Хаменеимен ресми қоштасу араға 4 ай салған соң өткізіліп отыр. Ол 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің әуе соққылары кезінде қаза тапты.