Қытай ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты

Қытай алғаш рет зымыран тасығышты теңіздегі қону алаңына қайтару жүйесін сынақтан сәтті өткізді. 

Миссия Хайнань аралындағы коммерциялық ғарыш айлағында жүргізілді. Ғарышқа ұшырылған соң «Ұлы жорық» зымыранының бір бөлігі бөлініп шығып, жағалауға жақын жердегі қалқымалы платформаға қайта қонған. Ғарышты игеру саласындағы бұл жетістік шығыстағы көршімізді SpaceX пен Blue Origin сияқты нарықтағы жетекші компаниялардың деңгейіне бір қадам жақындата түсті. Айта кетейік, биыл ақпан айында Бейжің дәл осындай сынақ өткізген. Алайда сол кезде зымыран платформаға жете алмай, теңізге құлаған еді.