АҚШ Иранға соққы жасады
АҚШ бүгін түнде Иранға бірнеше соққы жасады. Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы шабуылды Ормуз бұғазындағы азаматтық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырғанын мәлімдеді.
Өз кезегінде, Иран тарапы соққылардың Бендер-Аббас маңы, Кешм аралы мен Джаск қаласы маңында болғанын хабарлады. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам жараланған. Қазір Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысына қатысты нақты мәлімет жоқ. Иран билігі Ормуз бұғазы жабылғанын айтса, Вашингтон керісінше, бұл ақпаратты теріске шығарып, кеме қатынасы жалғасып жатқаны туралы ақпарат таратты.