Лос-Анджелес жағалауында жер сілкінді
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының маңында жер сілкінді.
Зілзаланың магнитудасы 5 балға жеткен. Бұл - аймақта кейінгі 12 жылда болған ең қуатты жер сілкінісі.
АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзала ошағы Тынық мұхитында, Манхэттен-Бич жағалауынан 6 шақырым жерде тіркелді. Ахуалға байланысты Лос-Анджелес халықаралық әуежайында екі ұшақ қона алмады. Зілзаладан ғимараттың төбесі зақымданып, әйнектер сынған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Жергілікті билік өңірде алдағы күндері де жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін ескертті.