АҚШ Бахрейннен әскерінің бір бөлігін алып кетті

Иранның әуе соққыларынан кейін АҚШ Бахрейндегі әскери-теңіз базаларынан сарбаздарының басым бөлігін әкетті. Қауіпсіздік мақсатында нақты қанша жауынгердің кеткені және қаншасының қалғаны құпия сақталып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

The Washington Post басылымының жазуынша, бұған дейін Бахрейнде 8 мыңнан астам америкалық жауынгер бар екені айтылған. Шабуыл салдарынан әскери нысандарға шамамен 400 млн доллар шығын келді. Енді америкалық базалардың алдағы тағдыры не болары белгісіз. Пентагон бұл нысандардың бұрынғы қалпына келіп, толыққанды жұмыс істей алатынына күмәнданады. Ал Бахрейннен әкетілген әскер Иордания мен Израильге барады деген болжам бар. Бахрейнде АҚШ Әскери-теңіз күштері Бесінші флотының штабы орналасқан. Ол Парсы шығанағы, Қызыл теңіз және Үнді мұхитының іргелес аудандарындағы әскери операцияларға жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыз: