Иран Иорданиядағы АҚШ базасын шабуылдады

Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасын зымыранмен атқылады. Бұл жөнінде жергілікті Press TV телеарнасы хабарлады.

Ақпарға қарағанда, шабуылдар "Муваффак Салти" әскери базасына жасалған. Жағдайдың ушығуына байланысты, Аммандағы әуежайлардың жұмысы уақытша тоқтап тұр. Қазір Иран мен АҚШ арасындағы жағдай қайта шиеленісті. Өткен аптада Ақ үй Вашингтон мен Тегеран арасындағы келісім күшін жойғанын мәлімдеген еді. Артынша АҚШ Ормуз бұғазының маңында бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Бұған қарымта жауап ретінде Иран Бахрейн, Кувейттегі АҚШ базаларына соққы жасады.