Израильде жалпы сайлау күні белгілі болды
Израильде кезектен тыс Парламент сайлауы 27 қазанда өтеді. Бұл туралы The Times of Israel басылымы хабарлады. Қазіргі 25-ші шақырылымдағы парламенттің өкілеттік мерзімі 17 шілде күні аяқталады.
Бұған дейін премьер-министр Биньямин Нетаньяху жалпы сайлаудан кейін кең ауқымды ұлттық үкімет құруды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Сондай-ақ ол Израиль экономикасы АҚШ-тың қолдауынсыз-ақ мықты деп мәлімдеді.