Францияда АЭС қуаттылығы бәсеңдетілді
Аптап ыстыққа байланысты Франциядағы 3 бірдей атом электр станциясының қуаттылығы бәсеңдетілді. Елдің 37 өңірінде аптап ыстыққа байланысты қауіп деңгейлері белгіленді.
Жергілікті экологиялық талаптарға сәйкес, салқындатудан кейін өзенге қайтарылатын судың температурасы сол күйінде сақталуға тиіс. Қазір Францияда 57 реактор жұмыс істеп тұр. Олар елге қажетті қуат көзінің 70%-ын қамтамасыз етеді.