Лондон: Сақшылар корпусы — лаңкестік ұйым

Ұлыбритания Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусын лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлады. Ресми Лондонның мәліметіне сәйкес, ұйымның қызметі елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Осыған байланысты Иран сақшылар корпусын қолдаудың кез келген түрі қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Жауапкершілікке тартылатын әрекеттер қатарына қаржылай көмек көрсету немесе ұйымды көпшілік алдында қолдау да жатады. Талапты бұзғандарға 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.